"Жолда жүру ережелері"
"Жолда жүру ережелері" тақырыбындағы іс- шара балалардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыруға ,қауіпсіздік ережелерін меңгеруге бағытталған.Іс-шара барысында "Балдырған" жазғы лагерьде демалып жүрген балалар жаяу жүргіншілерге арналған белгілермен,бағдаршамның жұмыс тәртібімен,көше қиылыстарындағы қозғалыс ережелерімен танысты.Сонымен қатар,жолда жүру кезінде жиі кездесетін қателіктер мен олардың салдары түсіндірілді.