Біз арманшыл баламыз

Оқушылардың бірлестігін арттыру және психологиялық ахуалын жақсарту мақсатында лагерь жоспарына сәйкес "Біз арманшыл баламыз" атты психологиялық жұмыс өткізілді. Іс-шара барысында мектеп музейіне танымдық саяхат ұйымдастырылып, оқушылар түрлі қызықты ойындар ойнады және таза ауада серуендеді. Бұл іс-шаралар балалардың көңіл күйін көтеріп, өзара қарым-қатынастарын нығайтуға ықпал етті.