
«Кітап — біздің досымыз» тақырыбында өткен жазғы лагерь жұмысы аясында оқушылар белсенді әрі танымды іс-шараларға қатысты. Күннің басында балалар бой жазу жаттығуларын жасап, дене қозғалысын жақсартты. Бұдан кейін олар ауыл кітапханасына барды. Кітапхана қызметкерлері оқушыларға түрлі әдеби шығармалармен таныстырып, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндірді. Балалар кітапханадан қызықты деректер біліп, өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап алды. Бұл шара олардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқуға деген сүйіспеншіліктерін оятты.