
9 маусым күні жазғы лагерь жоспарына сәйкес балалар табиғат аясында уақыт өткізді. Бұл күн балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды. Балалар викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар, табиғат көріністеріне байланысты түрлі тақырыпта суреттер салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Іс-шара көңілді әрі танымдық сипатта өтті. Балалар табиғатпен етене жақын болудың маңыздылығын түсініп, бір-бірімен достық қарым-қатынаста болды.