
1 маусым Р.Асубаев ат.ЖББМ лагерьдің салтанатты ашылуы болды. Мектеп жанындағы жазғы лагерь – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған сауықтыру және тәрбиелік іс-шара. Лагерь ашылуы – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, оларды қызықты, мазмұнды демалыс маусымының басталуымен таныстыратын маңызды кезең. Ашылу салтанаты барысында оқушыларға лагерь тәртібі мен жоспарланған іс-шаралар таныстырылады. Бұл күн балалар үшін достыққа, бірлікке және қызықты оқиғаларға толы жаздың алғашқы қадамы болмақ. Тәрбиеші: А.Ж.Маканова Н.Л.Ричка