back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Медицинаға қадам" облыстық жобасы
15-11-2023 09:47

Қарағанды облысында білім беруді  дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес "Медицинаға қадам" облыстық жобасы бойынша бүгін Рахым Асубаев атындағы ЖББ мектебінде 7-9 сыныптар арасында   дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: оқушылардың химия, биология пәндеріне қызығушылығын арттыру, мамандық таңдауға бағыт беру, медицина ғылымы салаларымен таныстыру. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға медицина ғылымы жайында ақпарат беріліп, "Ойлан, тап!" әдісі бойынша медицина мамандығының түрлерін сәйкестендіру ойыны ұйымдастырылды. Соңы рефлексиямен  аяқталып, бірі-біріне жақсы көңіл-күй сыйлады. Жоба жетекшілері: биология пәні мұғалімі Кенжетаева А.Б; химия пәні мұғалімі Каримолдина Г.Е.; профориентатор Кратович Е.М.

Новости