back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Ата-ана, мектеп және бала арасындағы қарым- қатынас" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді.
15-11-2023 09:36
Бүгін, яғни 10шы қарашада 8ші қазақ сынып жетекшісі Кусаинова Аяжан Казбековна "Ата-ана, мектеп және бала арасындағы қарым- қатынас" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру; тәрбиенің ең тамаша  жері отбасы екенің, олардың бала тәрбиесіңдегі мүмкіндіктерінің жоғары екенің, баламен қарым -қатынасты жақсарту. 
Жиналыс барысында мектеп тәртібі,білім сапасы, тазалық, өрт қауіпсіздігі туралы сұрақтар қарастырылды. 
Әлеуметтік педагог-Аргимбаева И.С "Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында сөз сөйледі. Түнгі уақытта  заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін көшеде жүруі заңымен таныстырылып, 
"111"Сенім телефоны туралы ақпарат берілді.
Педагог-психолог Шаймерденова А.Б ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті,бейәлеуметтік және тәуелділік жүрістердің алдын алу бойынша жоспармен таныстырды. «Аутодеструктив»сөзі  латын тілінен «қалыпты жағдайдағы құрылымының  бұзылуы» деп аталады.
Педагог-психолог ата-аналарға күнделікті балалардың көңіл-күйлерін сұрау, интернетте қандай сайттарда отыратынын бақылау,өмір құндылықтарын бағалау туралы айтылды.
«Аутодеструктив»сөзі  латын тілінен «қалыпты жағдайдағы құрылымының  бұзылуы» деп аталады.
Жиналыс сонында ата-аналар жүректен шыққан жылы сөз әдісімен  балаларына хат жазды.
Новости