
Р. Асубаев мектебінде балақайлар мектебінің 2-күні өткізілді. Балаларға жоспар бойынша "Менің отбасым" тақырыбы бойынша сабақ жүргізілді. Әр бала отбасы мүшелері туралы мәліметтер айтып, әңгіме құрды. Тақырыпқа байланысты тақпақ, санамақтар айтты.Соңында отбасы ағашын салып, сыныппен қорытынды жасады. Сонымен қатар, жазу үлгісі, түрлі жаттығулар өткізілді.Бұл күні балалар достық туралы ұғымдарын кеңейтіп, түрлі жаттығулар, сурет салу, ойын арқылы бір-біріне адал, адамгершілік, сүйіспеншіліктерін білдірді.Сабақтар жоспар бойынша өткізілуде. Сонымен қатар, түрлі ойындар, нейрожаттығулар оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырады