"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы
«Мектепке жол» республикалық акциясы!????️
✏️????Құрметті ата-аналар және ауыл тұрғындары!
1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.
????️Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға қолдау көрсету, сондай-ақ әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын алу.
????Акция аясында мектеп формасы, аяқ киім, мектеп сөмкесі және кеңсе тауарлары түрінде демеушілік көмек қабылданады.
Қайырымдылық жасауға ниет білдірген азаматтарды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Бір баланың қуанышы – баршамыздың ортақ игілігіміз.
????«Жақсылық жаса – мектепке жол аш!»
Бұл акция жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізіліп, әлеуметтік осал санаттағы балаларды мектепке дайындауға бағытталған. �