Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес және «Отбасы күніне» орай «Менің отбасым – менің тірегім» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты – оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыз
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес және «Отбасы күніне» орай «Менің отбасым – менің тірегім» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының мақсаты – оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру, ата-анаға деген құрметті арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Сонымен қатар, «Заң және тәртіп» бағыты аясында «Жаңа Конституциядағы заң және тәртіп: Ережелер, міндеттер және жауапкершілік отбасынан басталады» тақырыбында қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға отбасыдағы өзара сыйластық, құқық пен міндет, жауапкершілік, қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Отбасы – әр баланың алғашқы тәрбиесі қалыптасатын, мейірім мен қолдаудың бастауы. Сондықтан отбасылық құндылықтарды насихаттау – саналы, жауапты әрі адал азамат тәрбиелеудің маңызды негізі.