«Достық» жазғы лагерінің 8-күні – Шығармашылық күні Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ жанындағы «Достық» жазғы лагерінде сегізінші күн «Шығармашылық күні» тақырыбымен өтті. Күннің мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың қиялын ұштап,
«Достық» жазғы лагерінің 8-күні – Шығармашылық күні
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ жанындағы «Достық» жазғы лагерінде сегізінші күн «Шығармашылық күні» тақырыбымен өтті. Күннің мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың қиялын ұштап, өнерге деген қызығушылығын арттыру болды.
«Сиқырлы өзгерістер» шығармашылық жұмысында тәрбиеленушілер түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, сурет салып, өздерінің ерекше идеялары мен шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті. Әр бала өз қиялындағы дүниені бейнелеп, тың туындыларын таныстырды.
«Танымал тұлғалар» танымдық бөлімінде балалар белгілі тұлғалар туралы мәліметтермен танысып, олардың өмір жолы мен жетістіктері жайлы қызықты ақпараттармен бөлісті. Бұл іс-шара оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, тұлғалық дамуына оң әсерін тигізді.
Сонымен қатар, «Treasure Hunt» («Қазына іздеу») квест-ойыны ұйымдастырылып, балалар түрлі тапсырмаларды орындап, логикалық ойлау, тапқырлық және топпен жұмыс жасау дағдыларын шыңдады. Квест барысында қатысушылар ұйымшылдық пен белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.
Күн соңында балалар арасында футбол жарысы өткізіліп, қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттап, спорттық шеберліктерін байқатты. Жарыс достық атмосферада өтіп, балалар көтеріңкі көңіл күймен әсерлі күн өткізді.