Достық» лагері 4-күн – «Қауіпсіздік күні» Бүгін лагерьде «Қауіпсіздік күні» өткізілді. Күннің басты мақсаты – оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, олардың жауапкершілігін арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Іс-шаралар барысында ба
Достық» лагері
4-күн – «Қауіпсіздік күні»
Бүгін лагерьде «Қауіпсіздік күні» өткізілді. Күннің басты мақсаты – оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, олардың жауапкершілігін арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Іс-шаралар барысында балалар «Безопасность – это важно» атты танымдық викторинаға қатысып, жолда жүру, өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік және жазғы демалыс кезіндегі сақтық шаралары туралы білімдерін көрсетті.
Шығармашылық бөлімде оқушылар «Волшебная бумага» шеберлік сағатына қатысып, түрлі қағаздан әсем бұйымдар жасап, қиялдарын ұштады.
Сондай-ақ балалар «Летние каникулы» және «Менің сиқырлы әлемім» тақырыптарында суреттер салып, өздерінің армандары мен жазғы демалыс туралы ойларын бейнеледі.
Күн қызықты әрі мазмұнды өтті. Балалар қауіпсіздік ережелерін қайталап қана қоймай, шығармашылық жұмыстар арқылы өз қабілеттерін көрсете білді.