Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Достық» жазғы лагерьінің оқушыларымен сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Достық» жазғы лагерьінің оқушыларымен сурет салу байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны тақырыбында өз шығармашылық жұмыстарын ұсынып, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін сурет арқылы бейнеледі. Балалар мемлекеттік рәміздердің маңызын түсініп, оларды құрметтеуге бағытталған мазмұнды суреттер салды.
Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына деген құрмет сезімін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шара жоғары деңгейде өтіп, балалар белсенділік танытып, өздерінің шығармашылық шеберліктерін көрсетті.