Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ жанындағы «Достық» жазғы лагері???? Жазғы лагерьдің үшінші күні «Ертегілер күні» тақырыбында ұйымдастырылды. Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын байыту
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ жанындағы «Достық» жазғы лагері
Жазғы лагерьдің үшінші күні «Ертегілер күні» тақырыбында ұйымдастырылды.
Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын байыту, логикалық ойлауын жетілдіру, ұлттық және әлем халықтары ертегілері арқылы адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.
Күн бағдарламасы қызықты әрі танымдық іс-шараларға толы болды. Балалар «В мире сказок» атты ертегілік викторинаға қатысып, сүйікті кейіпкерлері мен ертегілер бойынша білімдерін сынады. «Игра по лексике» ойыны барысында оқушылардың сөздік қоры мен тілдік дағдылары дамытылды.
Сонымен қатар, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» және «Тапқыр достар» зияткерлік сайыстары ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтары мен жылдам ойлау қабілеттерін көрсетті. Балалар белсенділік танытып, қызықты тапсырмаларды үлкен ынтамен орындады.
«Музыкалық саяхат» бағдарламасы өткізіліп, балалар ән айтып, түрлі музыкалық ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Ертегілер күні» тәрбиеленушілерге ерекше әсер қалдырып, олардың қиялын дамытып, достық қарым-қатынастарын нығайтуға ықпал етті. Барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерге бөленді. 


