М. Дулатұлы атандағы ЖББМ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында «Жасыл ғаламшар» экологиялық сауаттылық апталығының бесінші күні балалармен бірге су, құм, саз және ауа арқылы қызықты тәжірибелер өткізілді. Кішкентай зерттеушілер әр табиғи элементтің қасие
М. Дулатұлы атандағы ЖББМ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында «Жасыл ғаламшар» экологиялық сауаттылық апталығының бесінші күні балалармен бірге су, құм, саз және ауа арқылы қызықты тәжірибелер өткізілді. Кішкентай зерттеушілер әр табиғи элементтің қасиеттерін өз қолдарымен байқап, жаңа білім алды.
Су – ағады, құйылады, пішінін өзгертеді.
Құм – құрғақ кезде шашылады, дымқыл болса жабысады.
Саз – иленіп, түрлі пішінге оңай келеді.
Ауа – көрінбейді, бірақ оның бар екенін тәжірибе арқылы сезінуге болады.
Тәжірибе барысында балалар зерттеп, салыстырып, өз ойларын ортаға салды. Бұл олардың танымдық қызығушылығын арттырды.
Сонымен қатар, табиғат туралы музыкалық шығармалар тыңдалып, балалар дыбыстар арқылы табиғаттың сұлулығын сезінді. Әуен арқылы олар желдің сыбдырын, судың сылдырын, жаңбырдың дыбысын елестетіп, ерекше әсер алды.
Осындай іс-әрекеттер арқылы біз балаларды табиғатты танып-білуге, оны сүюге және қорғауға тәрбиелейміз.
