Математикалық апталық аясында 26 қаңтар күні 5–7 сынып оқушыларына сандардың шығу тарихы мен олардың мағыналары туралы «Сандар қайдан пайда болды» тақырыбында танымдық фильм көрсетілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығы
Математикалық апталық аясында 26 қаңтар күні 5–7 сынып оқушыларына сандардың шығу тарихы мен олардың мағыналары туралы «Сандар қайдан пайда болды» тақырыбында танымдық фильм көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, сандардың пайда болу тарихы туралы түсініктерін кеңейту және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Фильм барысында оқушылар ежелгі дәуірлерден бастап қазіргі заманға дейін сандардың қалыптасу кезеңдерімен танысып, олардың адамзат өміріндегі маңызын білді. Көрсетілімнен кейін оқушылар өз ойларымен бөлісіп, тақырып бойынша пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді. Іс-шара оқушылар үшін қызықты әрі мазмұнды өтті.