back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 6-сынып оқушылары мектеп кітапханасында кітап оқу және талқылау жұмыстарын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар өздері оқып жүрген кітаптары бойынша шолу жасап, мазмұнын әңгімеледі. Әр оқушы шығарманың негізгі ойына тоқтал
22-01-2026 21:27
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 6-сынып оқушылары мектеп кітапханасында кітап оқу және талқылау жұмыстарын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар өздері оқып жүрген кітаптары бойынша шолу жасап, мазмұнын әңгімеледі. Әр оқушы шығарманың негізгі ойына тоқтал
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 6-сынып оқушылары мектеп кітапханасында кітап оқу және талқылау жұмыстарын өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар өздері оқып жүрген кітаптары бойынша шолу жасап, мазмұнын әңгімеледі. Әр оқушы шығарманың негізгі ойына тоқталып, кейіпкерлерге мінездеме беріп, өз көзқарасын білдірді. Кітапханалық ортада ұйымдастырылған талқылау барысында оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдап, ой алмасты.
Сонымен қатар, оқушылар оқыған кітаптары туралы алған әсерлерін жүйелеу мақсатында оқырман күнделіктерін толтырды. Бұл жұмыс оқушылардың оқу дағдыларын дамытуға, мәтінді түсініп оқуға және өз ойын жазбаша жеткізе білуіне ықпал етті.
Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру және кітапхананы білім мен тәрбие ортасы ретінде тиімді пайдалану.
Новости