Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ-де «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында педагогтерге Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасының мазмұнына қысқаша шолу жасалды. Іс-шараны бастауыш сынып мұғалімі Темирбекова Майрагүл Жакишевна өткізді. Шолу барысынд
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ-де «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында педагогтерге Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасының мазмұнына қысқаша шолу жасалды. Іс-шараны бастауыш сынып мұғалімі Темирбекова Майрагүл Жакишевна өткізді.
Шолу барысында шығармадағы негізгі кейіпкерлер, оқиғаның өрбуі, тәрбиелік мәні мен бүгінгі оқушы тәрбиесімен байланысы кеңінен талқыланды. Педагогтер өзара пікір алмасып, Қожаның мінез-құлқы арқылы оқушылардың ішкі әлемін түсінудің маңызын атап өтті.
Мақсаты:
Педагогтердің көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру;
«Менің атым Қожа» шығармасының идеялық мазмұны мен тәрбиелік мәнін ашу;
Кейіпкер мінезі арқылы оқушылардың психологиясын тереңірек түсінуге ықпал ету;
Мұғалімдердің оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту;
Оқу мәдениетін, кітап оқуға деген оң көзқарасты қалыптастыру.

