???? М.Дулатұлы ЖББ мектебінде "Қамқор" жобасы аясында игі іс-шара жүзеге асты! ???? Табиғатты аялау – өз болашағымызды қорғау! Осы мақсатта мектебімізде оқушылардың қатысуымен құстарға арналған қоректендіргіштер мен ұялар жасалды. Балалар экологиялық тәр

М.Дулатұлы ЖББ мектебінде "Қамқор" жобасы аясында игі іс-шара жүзеге асты!

Т
абиғатты аялау – өз болашағымызды қорғау! Осы мақсатта мектебімізде оқушылардың қатысуымен құстарға арналған қоректендіргіштер мен ұялар жасалды. Балалар экологиялық тәрбие алып, кішіге қамқор болудың үлгісін көрсетті.

Әрбір ұяшық – қамқорлықтың белгісі, мейірімнің көрінісі. Қыс мезгілінде құстардың өмірін сақтап қалуға үлес қосу – әрбір саналы жастың міндеті.

Балалар өз қолымен жасаған еңбектерін мектеп ауласына орналастырып, табиғатпен етене жақын қарым-қатынас орнатты. Бұл бастама оқушылардың экологиялық мәдениетін арттырып, жауапкершілікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды.