back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
17 қыркүйек күні мектебіміздің педагог–психологы Макенова Д.С. мектеп оқушыларымен "ДОСБОЛLIKE" бағдарламасының жоспарына сай "Буллингтен қорған!" және "Суицидке жол жоқ" тақырыптарында әңгімелесу сабағын өткізді.
18-09-2025 02:09
17 қыркүйек күні мектебіміздің педагог–психологы Макенова Д.С. мектеп оқушыларымен
17 қыркүйек күні мектебіміздің педагог–психологы Макенова Д.С. мектеп оқушыларымен "ДОСБОЛLIKE" бағдарламасының жоспарына сай "Буллингтен қорған!" және "Суицидке жол жоқ" тақырыптарында әңгімелесу сабағын өткізді.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға буллингтің (қорлау, мазақ ету, қысым көрсету) және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жолдарын түсіндіру, қиын жағдайларда көмек сұрай білуге үйрету, психологиялық қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ достық қарым-қатынасты нығайту мен өз-өзіне сенімділікті арттыру.
Шара барысында оқушылармен ашық диалог жүргізіліп, буллингтің түрлері, себептері мен салдары жайлы айтылды. Сонымен қатар, өздерін мазалаған жағдайларда кімге және қалай жүгіну керектігі түсіндірілді. Психолог оқушылардың пікірін тыңдап, өмірлік қиындықтарда жалғыз қалмау, көмек сұраудың маңыздылығы туралы нақты мысалдар келтірді.
Әңгімелесу сабағы оқушылардың эмоционалдық жағдайына оң әсер етіп, олардың бір-біріне деген түсіністігін арттыруға бағытталды.
Новости