back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП»
05-09-2025 09:34
«АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП»
???? 3 қыркүйек күні мектебімізде
«АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП»
тақырыбында 7-сынып ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттары және оны іске асыру жолдары туралы;
Мектеп пен ата-аналар комитетінің бірлескен жұмысын ұйымдастырудың басымдықтары туралы;
Сынып ата-аналары комитетінің қызметін үйлестірудің ерекшеліктері туралы;
Сынып ата-аналары комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы.
Жаңа 2025–2026 оқу жылында мектебіміздің тәрбие жұмысы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүргізіледі. Бұл бағдарлама оқушылардың адамгершілік қасиеттерін нығайтып, оларды саналы әрі жауапты тұлға ретінде тәрбиелеуге бағытталған.
Жиынның мақсаты – мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, тәрбиелік жұмыстардың тиімділігін арттыру болды.
???? Нәтижесінде:
Кездесу барысында ата-аналар өзара пікір алмасты, ұсыныстарын білдірді. Сынып ата-аналар комитетінің жаңа төрағасы мен мүшелері сайланып, бірлескен жұмыс бағыттары нақты бекітілді.
???? Ата-аналарға белсенділік танытып, қолдау көрсеткені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Бірлесе әрекет етсек – адал ұрпақ тәрбиелейміз!
Новости