Дебат
Аудандық дебаттық турнир өткізілді. Бұл шараға мектебіміздің оқушылары Омарова Нұрсая, Жархын Каусар қатысып өз ойларын еркін айтып, еліміздің болашағы туралы пікір алмасты.
Патриоттық сезім – елді сүйіп, оған адал қызмет ету! Дебат барысында оқушылар қазіргі жастардың елге деген сүйіспеншілігі мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін талқылап, әртүрлі көзқарастарды ортаға салды.
Бұл дебат оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, патриоттық сезімді нығайтуға және елдің болашағына деген жауапкершілікті арттыруға бағытталды.