«Ана гүл, ана-өмір шуағы» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.

М.Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай, 2-3-сыныптарда «Ана гүл, ана-өмір шуағы» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар аналардың құрметіне дайындаған әсем әуендері мен қызықты би өнерлерін ортаға салды. Қызыққа толы ойындар ойналып, балалар аналарына өз қолдарымен дайындаған сыйлықтарын сыйлады.