Тілдер күніне орай мектебімізде «Сөз тапқанға қолқа жоқ» атты мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырылды. Іс-шара сабақтан тыс уақытта өткізіліп, оқушылар қазақ халқының мақал-мәтелдерін айтып, өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.
Сайыс барысында балалар мақал-мәтелдерді жалғастырып, мағынасын ашып, бір-бірімен жарыса отырып белсенділік танытты. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ана тіліміздің байлығын насихаттауға бағытталған бұл шара оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.