Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай мектебімізде саптық жиыннан жарыс өтті!
Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай мектебімізде саптық жиыннан жарыс өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың патриоттық рухын көтеру, тәртіп пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Жарыс барысында сыныптар саптық жүріс, бұйрықтарды орындау және әскери дайындық элементтері бойынша өз өнерлерін көрсетті. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырады.


