back-image
КГУ "Байтуганская общеобразовательная школа"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Байтуганская общеобразовательная школа"
Еліміздің үздік ұстаздары мектептерге тәлімгерлік етеді
14-04-2025 14:43
Еліміздің үздік ұстаздары мектептерге тәлімгерлік етеді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің үздік педагогтері мен ардагер ұстаздарымен онлайн форматта кездесу өткізді. Ашық диалог алаңына айналған бұл жиын қазіргі білім беру жүйесі мен қоғамдағы мұғалім рөлін талқылауға арналды. Кездесуге еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық педагог қатысты. Олардың арасында «Қазақстанның Еңбек Ері» мен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болған ұстаздар да бар. Бүгінгі таңда білім беру саласында 5 «Еңбек Ері» мен 74 «еңбек сіңірген ұстаз» қызмет етуде. Сонымен қатар, жыл сайын өткізілетін «Үздік педагог» республикалық байқауының 700-ден астам жеңімпазы бар. Қазақстан — педагог мәртебесін көтеру мақсатында түрлі мемлекеттік қаржылық қолдау тетіктерін енгізген санаулы елдердің бірі. Мемлекеттік марапат иегерлері, үздік педагогтер және шәкірттері халықаралық олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсеткен мұғалімдерге 1000 АЕК көлемінде сыйақы қарастырылған. – Мемлекет басшысы ұстаздың рөлін қоғамның басты кейіпкері ретінде айқындап берді. Педагогтің еңбегі лайықты бағаланып, оны қолдау – мемлекеттің басым бағыттарының біріне айналды. Ендігі мақсат – осы игі бастамаларды жалғастырып, мұғалімдер арасында ағартушылық пен зиялылықтың сабақтастығын сақтау. Мемлекеттік марапатқа ие болған ұстаздар ұлттың мақтанышына айналуы тиіс. Біз оларды алты Алаштың төріне шығару арқылы бүкіл педагогтерге ұстаз еңбегінің бағаланатынын көрсетіп, жетістікке жетуге ынталандырамыз, – деді министр Ғани Бейсембаев. #нұраауданыбілімберубөлімі #oqu_agartu_ministrligi #altynsarin_akademiasy #obb_qaragandy #umckrg
Новости