back-image
КГУ "Байтуганская общеобразовательная школа"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Байтуганская общеобразовательная школа"
Школьная форма
10-08-2023 11:43
Школьная форма

Мектеп формасына қойылатын жаңа талаптар:

  1. Қазіргі талап бойынша қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы тиіс.

Ал жаңа редакцияда классикалық жейденің орнына түймелері немесе бекіткіші бар трикотаж кардиган (бомбер) кию талап етілмек. Қалған талаптың бәрі өзгеріссіз қалады.

2. Қолданыстағы талап бойынша мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және басқа) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады.

 Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және басқа) орналастыруға рұқсат етіледі.

3. Қолданыстағы талап бойынша, білім саласына жауапты жергілікті басқарма, бөлімдер ата-аналарға мектеп формасын сатып алуға болатын отандық өндірушілерді ұсынады.

Ата-аналар өндірушіні таңдауда  тәуелсіз. 

Новости