back-image
"Пушкин негізгі орта мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Пушкин негізгі орта мектебі" КММ
Пушкин НОМ-де апталықтың 1-ші күні
08-04-2024 10:57
Пушкин НОМ-де апталықтың 1-ші күні
Мақсаты: денсаулық құндылығы туралы түсінік қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
 Міндеттері:
     - салауатты өмір салтын насихаттау;
     - балаға өзінің денсаулығының қажеттілігі туралы  ұғындыру;
     - балаларды өз денсаулығын бағалауға және болжауға үйрету;
     - денені күту дағдыларын дамыту, шыңдалуға жағдай жасау, таңертеңгілік жаттығуларды  әдетке айналдыру;
     - балаларға дәрумендер және  оның пайдасы туралы айту;
Денсаулық апталығы аясында топ бөлмелерінде, спорт залда, таза ауада балалардың денсаулығын нығайту және сақтау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізу. Іс-шаралар мектепке дейінгі білім беру ұйым балаларының жас ерекшеліктеріне  және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға  сәйкес  жоспарланды. 
Қатысушылар: ортанғы, ересек және мектепалды  топтарының балалары, педагогтар,  ата-аналар.
Күтілетін нәтижелер:
* балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған іс-әрекеттер (режимді сақтау, дұрыс тамақтану, дене тазалығы, спорт) туралы ең қарапайым түсініктері қалыптасады;
* сөйлеу белсенділігі артып, сөздік қорлары молаяды;
* алынған іс-шаралар салауатты өмір салтын саналы түрде таңдауға көмектеседі, бұл балалардың денсаулығын  нығайтады;
* ата-аналардың өзінің және баласының салауатты өмір салтын сақтауға деген қызығушылығы артады.
Пушкин НОМ-де апталықтың 1-ші күні 1.Тақырыптық апталықтың ашылуы «Мен үйде де, бақшада да дене тәрбиесімен доспын», 2.«Денсаулығымызды күтейік» , 3.«Күн тәртібін сақтайық» атты тақырыптары өткізілді.
Новости