Пушкин НОМ-де апталықтың 1-ші күні
Мақсаты: денсаулық құндылығы туралы түсінік қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Міндеттері:
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- балаға өзінің денсаулығының қажеттілігі туралы ұғындыру;
- балаларды өз денсаулығын бағалауға және болжауға үйрету;
- денені күту дағдыларын дамыту, шыңдалуға жағдай жасау, таңертеңгілік жаттығуларды әдетке айналдыру;
- балаларға дәрумендер және оның пайдасы туралы айту;
Денсаулық апталығы аясында топ бөлмелерінде, спорт залда, таза ауада балалардың денсаулығын нығайту және сақтау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізу. Іс-шаралар мектепке дейінгі білім беру ұйым балаларының жас ерекшеліктеріне және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес жоспарланды.
Қатысушылар: ортанғы, ересек және мектепалды топтарының балалары, педагогтар, ата-аналар.
Күтілетін нәтижелер:
* балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған іс-әрекеттер (режимді сақтау, дұрыс тамақтану, дене тазалығы, спорт) туралы ең қарапайым түсініктері қалыптасады;
* сөйлеу белсенділігі артып, сөздік қорлары молаяды;
* алынған іс-шаралар салауатты өмір салтын саналы түрде таңдауға көмектеседі, бұл балалардың денсаулығын нығайтады;
* ата-аналардың өзінің және баласының салауатты өмір салтын сақтауға деген қызығушылығы артады.
Пушкин НОМ-де апталықтың 1-ші күні 1.Тақырыптық апталықтың ашылуы «Мен үйде де, бақшада да дене тәрбиесімен доспын», 2.«Денсаулығымызды күтейік» , 3.«Күн тәртібін сақтайық» атты тақырыптары өткізілді.