«Денсаулық -зор байлық»
«Денсаулық -зор байлық» деген сөздердің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулықтың 6 шарты- таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныс ұйқы, көтеріңкі көңіл-күй, күйзеліске түспеу» тақырыпта ата-аналар арасында челлендж
өткізілді.