Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)
5 қазан Ұстаздар күнінде Пушкин негізгі орта мектебінің ұлағатты ұстаздары Насиров Жамбырбай Жумажанович пен Сыздыкова Жанат Бейсенбековна Нұра ауданы білім бөлімінің марапатына ие болды. Әріптестеріміздің еңбектері жемісті болсын!