Шоқан Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған 4 сынып оқушыларымен сынып сағаты
М.Сүлейменов атындағы тірек мектебінде (РО) ұлы ғалым, ағартушы, саяхатшы Шоқан Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған 4 сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар Шоқан Уалихановтың өмірі мен еңбектері туралы мәлімет алып, бейнероликтер тамашалап, оның ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін талқылады. Бұл сынып сағаты жас ұрпаққа ұлт тарихына деген қызығушылықты арттырып, Шоқанның өнегелі өмір жолынан үлгі алуға мүмкіндік берді.
