"Баланың құқықтары мен міндеттері"
"М. Сүлейменов атындағы тірек мектеп (РО)" КММ кітапханасында 20- қараша күні Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Баланың құқықтары мен міндеттері" атты кітап көрмесі мектебімізде өтті. Мақсаты: оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.