Кәрім Мынбаев атындағы жалпы білім беретін мектебіне жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Қаржылық сауаттылық қауіпсіздіктен басталады» тақырыбында мазмұнды дәріс өтті.
Кездесу барысында оқушыларға қаржылық қауіпсіздіктің негізгі қағидалары түсіндірілді:
Жеке деректерді қорғау: SMS-кодтарды, ПИН-код пен CVV/CVC кодтарын, сондай-ақ ЖСН мен карта деректерін бөгде адамдарға бермеу;
Кибералаяқтықтан сақтану: күмәнді сілтемелерге өтпеу, «оңай табыс» пен дропперліктен бас тарту;
Цифрлық гигиена: күрделі құпия сөздер орнату және екі факторлы қорғанысты (2FA) пайдалану.
Қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік ережелерін сақтау — әрбір жасөспірімнің қаражаты мен болашағының сенімді кепілі.
Қаржылық сауаттылық қауіпсіздіктен басталады