«Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары»
25 мамыр күні 9 «А» сыныбында оқу жылының аяқталуына орай «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Конституцияның маңызын түсіндіру, заңға құрметпен қарауға, тәртіп сақтауға және азаматтық жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар құқық пен міндет туралы ой бөлісіп, еліміздің басты құжаты – Конституцияның қоғамдағы рөлі жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар әділдік, жауапкершілік, тәртіп пен адамгершілік құндылықтарының маңызы айтылды.
Оқу жылы аяқталып, алда ұзақ жазғы демалыс күтіп тұрғандықтан, оқушыларға «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында арнайы қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылды. Сабақ барысында суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік, жолда жүру ережелері, өрттің алдын алу, электр құралдарын пайдалану, интернет қауіпсіздігі және бөгде адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар табиғат аясында демалу кезіндегі қауіпсіздік ережелері де еске салынды.
Сынып жетекші:Касымбекова А.И.