back-image
"Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Ата-аналар жиналысы
22-05-2026 21:27
Ата-аналар жиналысы
22.05.2026 жылы 4 «А» сынып жетекшісі Әлмағамбет А.М ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты: оқушылардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналармен бірлесе отырып бала өміріне жауапкершілікпен қараудың маңызын түсіндіру болды.
Кездесу барысында оқушылар мен ата-аналарға жаз мезгілінде сақталуы тиіс өмір қауіпсіздігі ережелері жан-жақты түсіндіріліп, судағы, жолдағы, көшедегі және тұрмыстағы қауіпсіздік шаралары туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар техникалық қауіпсіздік бойынша арнайы нұсқаулықтар таныстырылып, қауіптің алдын алу мақсатында жаднамалар таратылды. Жиналыс барысында ата-аналарға бала қауіпсіздігі -басты құндылық екені ерекше атап өтіліп, жазғы демалыстың әр күні балалар үшін қуанышқа, пайдалы демалысқа және жарқын естеліктерге толы болуы тілектестікпен жеткізілді.
Новости