Мен-Отанымның патриотымын
04.05.2026 күні 4 “А” сынып оқушыларымен “Мен-Отанымның патриотымын” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. “Күннің көзі ортақ, жақсының сөзі ортақ” дәйексөзі оқушыларды ізгілікке баулып, бірлік пен мейірімнің мәнін сезіндірді. “Мен – Отанымның патриотымын” тақырыбында әр оқушы Отанға деген сүйіспеншілігін шынайы жеткізді. Бейнеролик көріп, өмірлік жағдаяттарды талқылады. Сонымен қатар, “Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері” тақырыбы бойынша қауіпсіздік сабағы өткізіліп, оқушылардың жауапкершілік пен сақтық дағдылары қалыптасты.
Бұл тәрбие сағаты – саналы, елін сүйетін ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған мәні зор іс-шара болды.
Сынып жетекші:Әлмағамбет А.М.