1-мамыр Халықаралық Ынтымақтастық күніне арналған сынып сағаты
1 мамыр – Халықаралық 27.04.2026 жылы Кәрім Мыңбаев ЖББМ 7-8 сынып оқушыларымен 1-мамыр Халықаралық Ынтымақтастық күніне арналған сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығын білдіретін мерекенің мәнін түсіндіру, ұлттар арасындағы достық, татулық және өзара құрмет сезімдерін қалыптастыру, көпұлтты қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің маңызын ұғындыру. Ынтымақтастық күні туралы білім бере отырып, оқушылардың бірлік, татулық және достық құндылықтарын түсінуін қалыптастыру, сондай-ақ сабақ барысында жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын тиімді қолдану арқылы олардың цифрлық сауаттылығын, сыни ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды ұлттар арасындағы достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. ЖИ құралдарын пайдалану арқылы заманауи технологияларды қолдануға қызығушылықтарын арттыру.