Алғыс ізгі ниет
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай 4 «А» сыныбында 02.03.2026 жылы тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:оқушыларды бір-біріне құрметпен қарап, ризашылық білдіруге үйрету, үлкенге – ізет, кішіге – қамқор болу қасиеттерін қалыптастыру. Алғыс айтудың маңызын түсіндіріп, мейірімділік пен достықты насихаттау.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар отбасына, достарына, Еліне, жеріне алғыс сөздер айтып, жылы лебіздерін білдіріп, түрлі тапсырмалар арқылы өз ризашылықтарын жеткізді. Өте әсерлі әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.
Сынып жетекші: Әлмағамбет А.М.