Алғыс ізгі ниет.
2 наурыз күні 9 қазақ сыныбында Алғыс айту күніне орай сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларды ризашылық пен сыйластыққа тәрбиелеу, бір-біріне алғыс айта білуге үйрету. Іс-шара барысында Алғыс айту күнінің маңызы мен тарихы туралы айтылып, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, оқушылар бір-біріне және ұстаздарына жылы лебіздерін білдіріп, алғыс сөздерін арнады.
Сынып жетекші:Касымбекова А.И.