2026 жылғы 25 ақпанда 9-сынып ата-аналарына арналған «Бүгінгі жасөспірім: қауіптің белгілері және қорғану тәсілдері» тақырыбында онлайн форматта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты – ата-аналарға бүгінгі жасөспірімдер арасында кездесетін қауіп-қатер белгілері туралы түсінік беру, олардың алдын алу және баланы қорғау жолдары бойынша ақпараттандыру, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Міндеттері – жасөспірімдердің мінез-құлқындағы қауіпті белгілерді анықтау жолдарын түсіндіру, қазіргі қоғамда жасөспірімдерге әсер ететін негізгі қауіп түрлерімен таныстыру, ата-аналарға баламен тиімді қарым-қатынас орнату тәсілдерін ұсыну, баланың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ата-ананың рөлін арттыру және ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығын жетілдіру.