back-image
"Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
“Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет”
16-02-2026 09:20
“Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет”
16.02.2026ж 4”А” сынып білім алушыларымен “Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың жеке қабілеттері мен дарынын анықтауға қолдау көрсету, өз-өзіне деген сенімін арттыру, әр баланың ерекше тұлға екенін ұғындыру және бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушылар «Жұлдыздар шеруі» тренингіне қатысып, өздерінің жақсы қасиеттерін атап өтті. «Менің жарқырау сәтім» атты ой бөлісу кезеңінде әр бала өзінің жетістігі немесе арманы туралы айтты. Сонымен қатар, топтық жұмыс арқылы оқушылар бір-біріне жылы лебіз білдіріп, қолдау көрсету мәдениетін қалыптастырды. “Сырлы есімдер” айдарында оқушылар өздерінің есімдерінің мағынасын айтып, ой бөлісті. 
Сабақ соңында «Жұлдызға хат» рефлексиясы жүргізіліп, балалар өз болашақтарына тілек жазды.
Сонымен қатар, “Шұғыл қызмет нөмірлері” тақырыбында 10мин қауіпсіздік сабағы өтті. Мақсаты: Білім алушыларға шұғыл қызмет нөмірлерін (101, 102, 103, 112) таныстыру, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіздік мәдениетін дамыту.
Оқушылар шұғыл қызмет нөмірлерімен танысып, әр нөмірдің қандай жағдайда қолданылатынын талқылады. Қауіпсіздік ережелері еске түсіріліп, өмірлік жағдаяттар бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Сынып жетекші: Әлмағамбет А.М.
Новости