«Менің эмоциялар дөңгелегім»
Ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында 22.12.2025ж 4 “А” сынып ата-аналарымен «Менің эмоциялар дөңгелегім» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында ата-аналар эмоция түрлерімен танысып, баланың көңіл күйін түсіну, сезімдерін дұрыс қабылдау және эмоцияларды басқару жолдары туралы мағлұмат алды. Практикалық тапсырмалар арқылы ата-аналар өз эмоцияларын анықтап, баламен тиімді қарым-қатынас орнатудың маңызын түсінді.
Іс-шара ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Әр эмоция – біздің досымыз. Эмоцияларды тану арқылы біз өзімізді жақсырақ түсінеміз.
Сынып жетекші: Әлмағамбет А.М.