back-image
"Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Буллингтен қорған. Ата-аналарға деген сенім өмірде маңызды шешімдер қабылдауға қалай әсер етеді»
09-12-2025 11:14
«Буллингтен қорған. Ата-аналарға деген сенім өмірде маңызды шешімдер қабылдауға қалай әсер етеді»
2025 жылдың 8 желтоқсан күні мектебіміздің 9-сыныбында «Буллингтен қорған. Ата-аналарға деген сенім өмірде маңызды шешімдер қабылдауға қалай әсер етеді» тақырыбында мазмұнды сынып сағаты өткізілді.
 
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға буллингтің алдын алу жолдарын түсіндіру, оның адам өміріне тигізетін кері әсерін ұғындыру және ата-анаға деген сенімнің өмірдегі маңызды шешімдер қабылдаудағы рөлін көрсету болды.
 
Сынып сағаты барысында оқушылар тақырыпқа байланысты бейнематериал көріп, буллингтің түрлері (физикалық, психологиялық, кибербуллинг) туралы мағлұмат алды. Бейнероликтен кейін оқушылар Wordwall платформасы арқылы интерактивті тапсырмалар орындап, алған білімдерін бекітті.
 
Сонымен қатар, ата-анамен сенімді қарым-қатынастың маңызы талқыланып, қиын жағдай кезінде ата-анаға, мұғалімге немесе сенімді ересек адамға жүгінудің қажеттігі түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын ашық айтып, пікір алмасты.
Сынып жетекші: Касымбекова Арайлым Исановна
Новости