back-image
"Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Өркендей бер,Қазақстаным!" тақырыбына тәрбие сағаты
03-05-2024 07:57

1 мамыр- Қазақстан Республикасының бірлігі күнін мерекелеу жоспарына сай,сәуір айының 29-күні К.Мыңбаев ЖББМ 9 А сынып жетекшісі Г.А.Тулеуова  оқушылармен  "Өркендей бер,Қазақстаным!"тақырыбына тәрбие сағатын өткізді.  Мақсаты: оқушылардың бірлік,ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға  атсалысатын азамат болуға тәрбиелеу. Сынып сағатында оқушылар түрлі халықтардың амандасу дәстүрімен танысып,оны  көрсету арқылы жайлы  ахуал  тудырғаннан кейін «Өз елім» әнінің аясында  түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен, олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасаған-Қазақстан туралы ой бөлісті. Келесі сәтте ұлттардың рәміздеріне кезек беріп, тулардың фотосына қарап,қай мемлекеттің байрағы екенін анықтады.Бөлме ішінде жасырылған қағаздарды тауып,оның  тапсырмаларын орындады.Жинақтау бөлімінде «Туған еліме тілегім»айдарымен тақтада ілінген  Қазақстан картасына түрлі суреттер жапсыру  арқылы тілектерін білдірді. Сынып ел бірлігі-ең асыл қасиет деген ойды тарата айтып, тәрбие сағатын  Елбасының «Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге қазақтарға керек» деген көрегенді ойымен қорытындылады.

Новости