back-image
"Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Тәрбие көзі- салт-дәстүр"
27-02-2024 09:17
К.Мыңбаев атындағы ЖББМ-де  "Ұрпаққа аманат" жобасы аясында  27-ақпан "Салт дәстүр күніне" орай  оқушылардың ұлттық салт-дәстүр туралы білімдерін, білгендерін тереңдету,есте сақтату арқылы халық даналығын ұрпақ санасына сіңіріп,адамгершілікті, намысты, жігерлі болуға тәрбиелеу мақсатында 9- қазақ сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Г.А.Тулеуова   26-ақпан күні "Тәрбие көзі- салт-дәстүр" тақырыбында сынып сағатын өткізді. "Сөз тапқанға..."кезеңінде оқушылар өздері таңдаған әріптерінен басталатын салт-дәстүрге байланысты сөздермен сұрақтарға жауап берді."Жүйрік болсаң..." сайысында  ұяшық сұрақтарына жауап беруде оқушылар өздері білетін ,таныс салт-дәстүрлер бойынша тез жауап тауып,жаңа мәліметтер де алды."Шебер қолдар" ойынында ер балалар "Жеті атасын білмеген, Жетесіздің белгісі"екендігін атап, Жеті атаны таратып, "Жеті ата ағашын" және сызба толтырды. "Шебердің ісі ортақ...."кезеңінде қыз балалар қағаздан ою ойса,барлық оқушылар бірге  үй тапсырмасы ретінде дайындаған салт-дәстүр бойынша  "Ойлы болсаң..."
кезеңінде көрініс көрсетті. Сынып сағаты соңында оқушылар,             қазақтың салт-дәстүрінде көп мән-мағына бар.«Мейірімділікті  анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» дегендей, көп әдепті де, тәртіпті де,тәрбиені де қазақтың салтынан үйренуге болатындығын, себебі, салт- дәстүр тұнып тұрған тәрбие деген пікірге қосылатындықтарын жеткізді. Қорытындысында "Синквейн" әдісі арқылы кері байланыс бере отырып, оқушылар сынып сағатынан алған  әсерлерімен,көңіл-күйлерімен бөлісті.
Новости