Салтанатты жиын
Нұра кенті мәдениет үйінде білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өткізілді.
Жиынға аудандағы барлық білім беру ұйымдарының директорлары, мұғалімдер және ардагер ұстаздар қатысты.
Нұра ауданының әкімі Муканов Бакытжан Мылтықбаевич, білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Ахметова Гульзана Сейсеновна, аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Мустафин Адамбай ұстаздарды құттықтап, білім қызметкерлерін марапаттады.
Біздің Кәрім Мынбаев ЖББМ-нің директорының міндетін атқарушы Алпысбаева Г.К. Аудандық білім беру басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз!