Дебат турнирі
Нұра ЖББ мектебінің «NURA 74» дебат клубының командасы аудандық дебат турниріне қатысып, жоғары дайындық пен шешендік қабілеттерін көрсетіп, І орын иеленді. Осы жеңістің нәтижесінде команда облыстық дебат турниріне қатысуға жолдама алды.
Облыстық деңгейдегі турнирде команда мүшелері өздерінің сыни ойлау, дәлел келтіру, қарсы тараптың пікірін талдау және мәдениетті түрде пікір білдіру дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді. Пікірсайыс барысында қатысушылар берілген тақырыптарды жан-жақты талдап, өз позицияларын нақты дәлелдермен қорғап, көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Турнир қорытындысы бойынша Нұра ЖББ мектебінің «NURA 74» дебат клубының командасы жүлделі ІІ орын иеленіп, мектептің абыройын асқақтатты.
Бұл жетістік оқушылардың білімге деген қызығушылығының, белсенділігінің және жетекшінің жүйелі еңбегінің нәтижесі болып табылады. Команда мүшелеріне алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдіреміз. ????