наурыз мейрамы
18 наурыз күні Нұра жалпы білім беретін мектебінің 5-11-сыныптары арасында "Наурыз-жыл басы!" атты ұлттық мерекемізге арналған тамаша шара өтті. Әр сынып ауыл-ауылға бөлініп, өнерлі өрендеріміз ән мен жырдан шашу шашты, би билеп, салт-дәстүрден көрініс көрсетті. Әсіресе 5-сынып оқушыларның дайындаған айтысы көңілімізден
шықты. Сол сияқты қазақтың ұлттық ойындары да назардан тыс қалмады. Арқан тартыс, қол күрес ойындарына оқушыларымыз өте белсенді қатысты. Наурыздың басты тағамы -наурыз көже таратылды. Іс-шара соңында Қызыр баба жиналған көпшілікке бата берді. Кеш жоғары деңгейінде ұйымдастырылып өткізілді.
Наурыз мейрамы құтты болсын! Ақ мол болсын!