М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушыларымен Ұлттық теңге күніне орай тәрбие сағаты өтті. Шара барысында оқушылар төл валютамыздың шығу тарихы мен безендірілу ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар «Адал азамат» бағдарламасы аясында ақшаны тиімді басқару және жинақ мәдениеті туралы ой бөлісті. Заманауи қаржылық қауіпсіздік ережелерін талқылап, интернет-алаяқтардан сақтану жолдарын пысықтады. Оқушылар топтық жұмыстарға белсене қатысып, өз жобаларын қорғады.